Тәжікстан мен Ресейдің тауар айналымы 2022 жылы 18,3%-ға өсті

655

Тәжікстан мен Ресейдің тауар айналымы 2022 жылы 18,3%-ға өсіп, 1,4 млрд құрады. 

Тәжікстан мен Ресейдің тауар айналымы 2022 жылы 18,3%-ға өсті Фото: точка зрения

Бұл туралы Душанбеде өткен екі елдің шағын және орта кәсіпорындарының "байланыс биржасының" қорытындысы бойынша Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) вице-президенті Владимир Падалко мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша Ресей Федералдық кеден қызметінің (ФКҚ) деректері бойынша екіжақты тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 18,3%-ға ұлғайып, 1,4 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі 19,7% өсіммен 1,3 млрд долларды, импорт 3,7% өсіммен 103,3 млн долларды құрады", - деді Падалко.

Ол Ресей экспортының айтарлықтай үлесі — шамамен 23% - шикізаттық емес, энергетикалық емес экспорттың тауарлары екенін айтты.

Ресей өкілі ынтымақтастық тек саудамен шектелмеуі керек екенін атап өтті.

"Бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруға шығу үшін мүмкіндіктер іздеу керек. Металлургия, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен секторы, цифрландыру мен ақпараттық технологиялар сияқты салаларда ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктер ашылуда", — деп шақырды Ресей СӨП вице-президенті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу