Бұл туралы бүгін, 19 қазанда. "Азия плюс" АА Тәжікстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Кездесу барысында тараптар Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырыстарына дайындық мәселелерін талқылады және Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарына төнетін қатерлер туралы пікір алмасты", – делінген хабарламада.
Кездесу тәжік астанасында өтіп жатқан "Терроризмге қарсы күрес және террористердің қозғалысын болдырмау үшін шекара қауіпсіздігі және шекаралық бақылау саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастық" жоғары деңгейдегі конференция аясында өтті. Конференцияны БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасы, Тәжікстан үкіметі, Орталық Азия үшін Өңірлік профилактикалық дипломатия орталығы, ЕҚЫҰ, ЕО ұйымдастырды.