Тәжікстан өнеркәсіп өндірісі бойынша Орталық Азияда көш бастады

281

Тәжікстан Орталық Азия елдері арасында өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны бойынша сенімді көш бастап тұр. 

Тәжікстан өнеркәсіп өндірісі бойынша Орталық Азияда көш бастады Фото: Азия-Плюс

Бұл туралы республиканың экономикалық даму министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Тәжікстанда өнеркәсіп өндірісінің өсімі 12%-ды құрады. Қазақстанда былтыр бұл көрсеткіш 4,3%-дан аспады.

Тәжікстан сонымен қатар Өзбекстан (6%), мен Қырғызстан (1,8%) сынды көршілерін басып озды.

2024 жылы бұл көрсеткіш көрші елде жаңа кәсіпорындардың көбеюіне байланысты 21,2%-ға дейін өседі деп болжануда.

Тәжікстан Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, елде 3,5 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың басым бөлігі өңдеу және өндіру өнеркәсібінде шоғырланған. Ал Қазақстанда 2023 жылғы 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4003 бірлікті құрады және оның ішінде 2471 орта кәсіпорын болып табылады.

Осы жылы Тәжікстанда 251 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді, бұл 2 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Негізгі назар халық тұтынатын тауарларды өндіруге аударылады.

Жаңа кәсіпорындардың төрттен бір бөлігі тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, автомобиль мен тоқыма өндірісінде жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу