Тәжікстан орталық азиялық энерготізбекке қосылуы мүмкін

226

Ортақ энергетикалық жүйеге кіретін елдер бір-бірімен энергия қуаты, су сияқты маңызды ресурстармен алмасады. Әзірге ортақ жүйеге Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан қосылған. 

Тәжікстан орталық азиялық энерготізбекке қосылуы мүмкін Фото: © Flickr / Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі

Тәжікстан жақын арада бірыңғай Орталық Азия энергожүйесіне қосыла алады. Бұл туралы Ташкенттегі энергетикалық форумда Өзбекстанның Энергетика министрі Жүрабек Мырзамахмудов айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 

Орталық Азияның бірыңғай энергетикалық сақинасы — өңірдің халқы үшін өмірлік маңызы бар жаһандық ауқымдағы стратегиялық нысан. Кеңес жылдарында құрылым электр энергиясына сұраныс пен суға деген қажеттіліктің маусымдық ауытқуын таулы өзендердегі деңгейдің көтерілуімен теңестіруге мүмкіндік беретін жүйе ретінде іске қосылған еді. 

Шарттар қарапайым болды: Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығы жерлерін суару үшін Қырғызстан мен Тәжікстаннан су алып, сол арқылы ГЭС турбиналарын толық қуатқа қоспауға мүмкіндік алатын. Өз кезегінде Тәжікстан мен Қырғызстанға мұнай, газ бен көмір арзандатылған бағамен жеткізілді.

2003 жылы Түрікменстаннан өзін-өзі электрмен қамтамасыз ете алатынын алға тартып, ортақ жүйеден шығуды жөн көрді. Сөйтіп 2009 жылы өзара алмасу толығымен тоқтады. Алайда 10 жылдан кейін ол қайта құрылды.

Қазіргі уақытта оған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан кіреді. Алайда, Орталық Азияда әлі күнге дейін бірыңғай саяси және экономикалық орталық жоқ, ал тәуелсіз мемлекеттердің, оның ішінде энергетикалық мүдделері көбінесе бір-біріне кереғар екені байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу