Тәжікстан Президентін Астана әуежайында Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу