Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ұлт көшбасшысы атанды

1248

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ұлт көшбасшысы атанды

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары Эмомали Рахмоновқа тәуелсіз Тәжікстанның негізін қалаушы мәртебесін беруге бірауыздан дауыс берді.

Халық қалаулылары өткен жылдың желтоқсанында қабылданған "Ұлт көшбасшысы - мемлекет пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы туралы" заңына конституциялық мәртебе берілуін бірауыздан қолдады. Бұл туралы Азия плюс порталына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлайды. 

Депутатар сонымен қатар, аталған заңға бірнеше түзету енгізді. Олардың бірі  Тәжікстанның негізін қалаушы тұлға ретінде Эмомали Рахмоновты мойындайды. 

Сондай-ақ осы түзетулер бойынша, елде Ұлт көшбасшысының арнайы қоры құрылып, Ұлт көшбасшысының Ордені мен Сыйақысы тағайындалады. 

Түзетулердің талаптары республикалық деңгейдегі барлық салтанатты шараларда, үкімет пен парламент отырыстарында Ұлт көшбасшысы үшін заманға сай арнайы байланыс құралдарымен жабдықталған орын дайындалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу