Эмомали Рахмонның кенже қызы Фарзона Эмомали Тәжікстан денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің реформалар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Денсаулық сақтау министрлігі президенттің қызы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің емдеу факультетін тәмәмдап, клиникалық резидентураны "педиатрия" мамандығы бойынша оқығанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Фарзон Эмомали 2023 жылы Тәжікстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын да оқып бітірген. Ол 2021 жылдан бастап маман болып еңбек еткен.
Фарзона Эмомали 2022 жылы Бас прокурор Юсуф Рахмонның ұлы Сафархон Рахмонға үйленді. 2025 жылдың қаңтарында екеуі ажырасады. Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі Фарзона Эмомалидің басы бос екенін және бір баланы тәрбиелеп отырғанын атап өтті.