Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас Фархор облысында қарулы ауған контрабандашылары тобының республика аумағына басып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан тәжікстандық "Чахонамо" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, қыркүйектің 13-іне қараған түні 13 адамнан құралған қарулы топ Хатлон облысы, Фархор ауданы, Хутан ауылдық кеңесі, Вахдат ауылы маңында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен. Кейін олардың жолы кесілген.
"Шекарашылардың берілу туралы бұйрығына жауап ретінде контрабандашылар оқ жаудырды", - деп жазылған хабарламада.
Түнгі атыс болған жерден шекарашылар жалпы салмағы 260 келіден асатын есірткі заты бар 16 қап ұнтақ тапты.
Бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Хатлон облысы бойынша қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде.