Аталған елдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, тергеу кезінде олардың мемлекет шекарасын 3-ші қараша күні бұзып кіргені анықталды, деп хабарлайды Atameken Business
Террористер "Ишкабад" шекара заставасын қолайлы санап, лаңкестік әрекет жасамақ болғанын мойындады. Қазір жедел тергеу тобы тергеп-тексеруді жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, 6-шы қарашаға қараған түні сағат 3-тер шамасында 20 адамнан тұратын қарулы топ Тәжікстан шекарасына шабуыл жасады. Күш құрылымдарының жедел әрекеті кезінде 15 қылмыскердің көзі жойылып, 5-еуі қамауға алынған. Қақтығыс барысында шекарадағы 1 әскери мен Ішкі істер министрлігінің қызметкері қаза тапты. Осы оқиғадан кейін қазақстандық саясаттанушылар еліміздегі және жалпы Орталық Азия мемлекеттерінің күштік құрылымдары сақадай-сай дайын болу керектігін айтып отыр.