Тәжікстан танктерді, БТР, БМП, минометтерді пайдалануда

561

Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай шиеленісе түсуде. 

Тәжікстан танктерді, БТР, БМП, минометтерді пайдалануда

ҰҚК Шекара қызметі Баткен облысында атыс қырғыз-тәжік шекарасының барлық периметрі бойынша жалғасып жатқанын атап өтті.

Оның мәліметінше, тәжік тарапы танктер, БТР, БМП және минометтерді пайдаланып жатыр.

"Қызыл-бел" автожол өткізу бекетінде Қырғызстанның Баткен облысы мен Тәжікстанның Соғды облысы басшыларының кездесуі жоспарланған. Кездесуге Тараптардың шекара өкілдері қатысады.

Динара Мұрат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу