Онда Тәжікстан қандай болмасын барлық халықаралық терроризм әрекеттеріне қарсы делінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тәжікстан премьер-Министрі Кохир Расулзода Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" кешеніндегі шабуылға байланысты ашылған Душанбедегі Ресей елшілігіндегі көңіл айту кітабында жазба қалдырды.
Үкімет басшысы Тәжікстан бұдан әрі Ресеймен және әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп осы зұлымдықпен күрес жүргізетінін атап өтті.
"Тәжікстан Республикасы Үкіметінің басшылығы атынан 2024 жылғы 22 наурызда Мәскеу облысының Красногорск қаласында жасалған террористік актінің салдарынан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз көпұлтты орыс халқымен бірге орны толмас қайғы-қасіретпен бөлісеміз және барлық зардап шеккендердің тез қалпына келуін тілейміз", — деп жазды премьер.