Тәжікстан жыл сайын 1 млн тонна "жасыл" сутегі өндірмек

555

2040 жылға қарай Тәжікстан ішкі қажеттіліктер мен Орталық Азия елдеріне экспорттау үшін жыл сайын 1 миллион тонна "жасыл" сутегі өндіруді жоспарлап отыр. 

Тәжікстан жыл сайын 1 млн тонна "жасыл" сутегі өндірмек Фото: Sputnik Таджикистан

Бұл туралы Reuters хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік Республиканың Энергетика және су министрі Далер Джуманың Тәжікстанның 2030 жылға қарай 10 гигаватт жаңартылатын энергия қуатына ие болуды жоспарлап отырғаны жайлы мәлімдемесін негізге алып отыр.

"Біз толығымен мұнай өнімдерінің импортына тәуелдіміз және жасыл сутегі өндірісінің жол картасын жасап жатырмыз", — деді Джума.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, Тәжікстан өзінің гидроәлеуетінің тек 4%-ын пайдаланып отыр.

Министр Республиканың 2030 жылға қарай 500 мың тонна жасыл сутегін өндіруге және "қолжетімді бәсекеге қабілетті электр энергиясының" арқасында 2040 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есеге арттыруға ниетті екенін хабарлады. Ол бұл көлемнің 75%-ы Орталық Азия елдеріне экспортқа бағытталатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу