Тәжікстанда әрбір үшінші бала тойып тамақ ішпейді – UNICEF

198

Бұл 4 баланың 1-ін құрайтын әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. 

Тәжікстанда әрбір үшінші бала тойып тамақ ішпейді – UNICEF Фото: ASIA-Plus

431 мыңнан астам бала, яғни Тәжікстандағы бес жасқа дейінгі әрбір үшінші бала дені сау болып өсу үшін қажетті тамақ мөлшерін жемейді. Бұл туралы UNICEF-тің "Балалар арасындағы азық-түлікке қолжетімділік: ерте балалық шақтағы тамақтану тапшылығы" баяндамасында атап өтілген, деп жазады inbusiness.kz.

Баяндамада атап өтілгендей, мұндай жағдай тамақтанбаудың өмірге қауіп төндіретін түрі аштық қаупін 50%-ға арттырады.

"Бұл 4 баланың 1-ін құрайтын әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. Белгілі бір сегіз азық-түлік тобының екеуінен артығына қол жеткізе алмайтын балалар азық-түлік тапшылығына кіретін балалар санатына жатқызылады", - делінген құжатта.

Есеп әлемнің 100-ге жуық еліндегі балалар арасындағы тамақтанудың жетіспеушілігінің салдары мен себептерін талдап, табыс деңгейі бойынша әртүрлі топтарды қарастырады.

Авторлар елдер Covid-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық әсерінен әлі де оңалмай келе жатқанын айтады.

"Теңсіздіктің өсуі, қақтығыстар мен климаттық дағдарыс азық-түлік бағасы мен өмір сүру құнының рекордтық өсуіне әкелді. Салдарынан халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап, біраз отбасы үшін дұрыс тамақтануға қол жеткізуді қиындатады", — делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу