Тәжікстанда әскери ойын көрсетеміз

940

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында Тәжікстандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жиыны сөз болды.  

Тәжікстанда әскери ойын көрсетеміз

Ауғанстандағы ахуал барған сайын шиеленісе түсетін түрі бар. Ел ішіндегі берекесіздік пен текетірестің ақыры ұзаққа созылған азаматтық соғысқа ұласуы да мүмкін. Тәліптер үкіметіне қарсылық білдіруші күштер партизандық соғысты тоқтатпайтын сияқты. Елдегі бейбіт тұрғындардың жағдайы қиын. Себебі аштық жайлап, адамдар оққа ұшып жатыр. Ал Ауғанстанның тыныш болуы онымен көрші елдер үшін керек. 16 қыркүйекте Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы өтті. Ондағы талқыға түскен басты тақырып аймақтың тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау үшін бірігіп әрекеттесу. Ұжымға мүше елдердің басшылары Ауғанстандағы жаңа билік пен ондағы жағдай туралы пікірлерін және өздерінің ұстанымдарын ортаға салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу