Тәжікстанның антикоррупциялық органның аға тергеушісі Фирдавс Ниезбадаловтың үйіндегі бункерден қап-қап алтын мен ақша және 6 Джип көлігі табылды, деп жазды "Ахбор" басылымы.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, аталған көмбе Ниезбадаловтың әке-шешесінің үйін тінту барысында табылған және ондағы бағалы заттар куәгерлердің көзінше сыртқа шығарылған.
Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдеріне Фирдавстың анасы қатты қарсылық көрсетіп, өзін-өзі отқа жағамын деп қорқытқан.
Оның айтуынша, бұл ұлының емес, өздерінің жиып-терген дүниесі.
Басылымда жазылғандай, Ниезбадалов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы хатшысы Әмірқұл Әзімовтың күйеу баласы болып табылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу