Тәжікстанда GTA және Counter Strike ойындарына тыйым салынды

Мұндай қорытынды шығаруға мәдениет министрлігінің сараптамасы әсер еткен. 

Тәжікстанда GTA және Counter Strike ойындарына тыйым салынды Фото: Риа Новости

Аталған ойындар жасөспірімдердің қылмыс жасауының негізгі факторы саналған. Тәжікстан – PlayStation ойындарына тыйым салған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ішкі істер министрлігінің келтірген ақпаратында "Тәжікстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес азғындық және зорлық-зомбылық сипаттағы бейнероликтер мен ойындарды таратуға қатаң тыйым салынады" делінген.

Мәдениет министрлігінің тарихи-мәдени сараптамасына сәйкес, жергілікті билік GTA, Counter Strike секілді ойындарда зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, тонау секілді адамды жамандыққа бастайтын элементтер бар екенін басшылыққа алған. 

Ішкі істер министрлігі Душанбедегі департаменті компьютерлік клубтар иелерінен аталған қорытындыны назарға алып, ойындарды тоқтатуды талап етіп отыр. Алдағы уақытта рейд жұмыстары да кеңінен жүргізілетінін ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу