Тәжікстанның Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті (ТЖК) республикада көшкін қаупі сақталатыны туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.
"ТЖК ел азаматтары мен қонақтарының назарына еліміздің гидрометеорология агенттігінің мәліметтері бойынша 2023 жылғы 27-28 ақпанда республикалық бағыныстағы таулы аудандарда көшкін түсу қаупі жоғары екенін жеткізеді", — делінген ведомство ақпаратында.
Атап айтқанда, ТЖК Таулы-Бадахшан автономиялық облысының батысында, Душанбе-Чанак, Нұрабад-Сангвор, Душанбе-Хорог, Хорог-Шугнон, Хорог-Рошткала мен Хорог-Ишкашим автожолдарының учаскелерінде қар көшкіні мен тас құлау қаупі сақталатынын ескертіледі.
"Осыған байланысты Комитет тұрғындардан көшкін қаупі бар учаскелерге барудан бас тартып, сақ болуды сұрайды. Жүргізушілерге сапарларын жоспарлау кезінде жолдардың жай-күйі туралы ақпарат алуға, ал таулы жерлерде немесе автожолдардың қауіпті учаскелерінде қозғалыс кезінде автомобильдер арасындағы белгіленген қозғалыс аралығын қатаң сақтауға кеңес беріледі", - делінген ведомствоның хабарламасында айтылған.