Тәжікстанның орталық бөлігі мен елдің солтүстігін жалғайтын Душанбе-Чанак тас жолында қар көшкіні болды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл жолға қызмет көрсететін Innovative Road Solutions Ltd (IRS) компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, көшкін салдарынан ішінде жолаушылары бар көлік қар астында қалған.
"Душанбе-Чанак (Шахристан асуы) автожолының 157 - ші шақырымында "Муссо" көлігі көшкіннің астында қалды", - делінген хабарламада.
Көлік ішіндегі үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу