Тәжікстанда қазақстандық дәрігерлер акушерлік сепсисті емдеудің заманауи тәсілдерін таныстырды

309

Мамандар күрделі жағдайлардағы қарқынды терапия тәсілдерін талқылады.  

Тәжікстанда қазақстандық дәрігерлер акушерлік сепсисті емдеудің заманауи тәсілдерін таныстырды Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram

Тәжікстандағы Қазақстан медицинасының күндері аясында қазақстандық және тәжікстандық медицина мамандарының тәжірибе алмасуы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Душанбе қаласындағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми-зерттеу институтында "АГжПҒО" АҚ анестезиология және реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері Евгений Воронин әріптестеріне "Акушерлік сепсис кезіндегі экстракорпоралдық және инфузиялық детоксикацияның заманауи әдістері" тақырыбында оқу өткізді.

Іс-шара клиникалық жағдайларға негізделіп, симуляциялық элементтерді қамтыды. Мамандар реанимация бөлімшесінде пациенттерді бірлесіп қарап, күрделі жағдайлардағы емдеу тактикасын талқылады.

Кездесу барысында қарқынды терапияның заманауи әдістері және акушерлік сепсис кезінде экстракорпоралдық әрі инфузиялық детоксикацияны қолданудың практикалық тәсілдері қарастырылды.

Мұндай тәжірибе алмасу мамандарға клиникалық жағдайларды талқылап, тиімді емдеу әдістерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу