Тәжікстанда Қытайдың қатысуымен жалпы ұзындығы 171 шақырым болатын жаңа "Спитамен — Истаравшан" мен "Спитамен — Истиклол" теміржолы салынады. Бұл туралы "Ховар" агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басылымның ақпаратына сәйкес, құрылыс жобасы Пекин ғылыми-техникалық және зерттеу институтының президенті Чэнь Хэ бастаған қытайлық мамандар тобымен Соғды облысының басшысы Раджаббой Ахмадзодтың кездесуінде талқыланды.
Тәжік тарапының айтуынша, аталған бағыттар бойынша теміржол салу Тәжікстан экономикасы үшін үлкен маңызға ие және республика экономикасының дамуына ықпал етеді.
Одан бөлек Душанбе мен Бейжің арасында басқа да бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылғаны атап өтілді.
Талқыланатын жобаға қатысты тараптар құрылыс туралы түпкілікті шешім қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін қабылданады деген уағдаластыққа келді.