Тәжікстанда лаңкестікке қарсы операция жүргізілуде

812

Қылмыскерлер халықаралық террористік ұйымдардың қолдауымен қару-жарақ пен оқ-дәрілер алған.

Тәжікстанда лаңкестікке қарсы операция жүргізілуде

Тәжікстанның күш құрылымдары елдің шығысындағыТаулы Бадахшан автономиялық облысында терроризмге қарсы операция жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің ІІМ-нің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін Таулы Бадахшан автономиялық облысының Рушан ауданындағы автожол учаскесінде "Душанбе-Кульма" халықаралық жолын  жауып тастады", – деп жазылған хабарламада.

Ведомство хабарлауынша, осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және "Душанбе-Кульма" халықаралық көлік жолы бойынша көліктердің кедергісіз қозғалысын қалпына келтіру үшін құқық қорғау органдары терроризмге қарсы операцияны бастаған. 

Ресми дерек бойынша, қылмыскерлер халықаралық террористік ұйымдардың қолдауымен қару-жарақ пен оқ-дәрілер алып, террористік актілер мен басқа да арандатуларды жүзеге асыру үшін шетелдік баскесерлерді жұмылдырған.

"Бұл әрекет конституциялық құрылыстың негіздеріне қайшы. Ұйымдасқан қылмыстық топтар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қару мен оқ-дәрілерді тапсыру туралы талаптарын орындамады, сондықтан олардың арасында қақтығыс басталды", – деп жазылған ведомство мәлімдесінде.

Табиғат Нұрболат

Фото: vesti.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу