Тәжікстанда лүпіл мен репост үшін берілетін жаза жойылмақ

310

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон әлеуметтік желідегі реакциялар үшін қылмыстық жазаны алып тастайтын заңға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тәжікстанда лүпіл мен репост үшін берілетін жаза жойылмақ Фото: УНН

Тәжікстанда әлеуметтік желідегі материалдарға лүпіл басып, репост жасағаны үшін жазалау туралы норма Қылмыстық кодекстен алынды.

"Азаттық радиосының" хабарлауынша, ел президенті Эмомали Рахмон тиісті заңға сәрсенбі, 14 мамырда қол қойды.

– Түзетулер лаңкестікке жария шақырулар және интернетте лаңкестікті ақтауды көздейтін баптарға қатысты болып отыр, деп нақтылады басылым.

2018 жылдан бері Тәжікстанда лүпілден бастап репосттарға дейінгі ең аз белсенділік үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін болған, дейді тілшілер.

"Азаттық радиосы" Тәжікстан бас прокурорының бірінші орынбасары Умед Каримзодаға сілтеме жасап атап өткендей, бүгінде Орталық Азияның осы елінде әлеуметтік желілердегі пікірі мен реакциясы үшін 1500-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. 

2024 жылдың көктемінде Эмомали Рахмонның өзі "бұл тәжірибені тоқтату керек" екенін, өйткені "адамдарды тек интернеттегі белсенділігі үшін жазалауға болмайтынын" мәлімдеді. Сәуірде Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы тиісті түзетулерді бірауыздан қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу