Тәжікстанда мешіт маңында белгісіз біреу бас мүфтиді пышақтап кетті

468

11 қыркүйекте Душанбеде белгісіз адам Тәжікстанның бас мүфтиі, Үлем (мұсылман діни қызметкерлері) кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзодаға шабуыл жасады. 

Тәжікстанда мешіт маңында белгісіз біреу бас мүфтиді пышақтап кетті Фото: Fotodom

Тәжікстан Республикасы ІІМ хабарлағандай, оқыс оқиға намаз аяқталғаннан кейін Душанбедегі орталық мешіттің жанында сағат 17:20 шамасында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Кешкі намаз аяқталғаннан кейін Душанбе қаласының орталық мешітінде бір азамат Тәжікстан Республикасы Үлемінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзоданың денесіне сұғу-кесу затымен (пышақпен) соққы берді", делінген хабарламада.

Шабуыл салдарынан дінбасыға жеңіл дене жарақаты келтірілген. Дәрігерлер оған оқиға орнында қажетті көмек көрсетті, содан кейін ол үйіне жеткізілді.

Қылмыскерді ішкі істер органдарының қызметкерлері ізін суытпай, бірден ұстады. Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, алдын ала тергеу амалдары қолға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу