Тәжікстанда салынған жаңа МӨЗ шикізатты Қазақстаннан алады

659

Өндіріс ошағы толық қуатына көшкенде жылына 1,2 млн тонна мұнай өңдейтін болады. Ал біздің елден экспортталған мұнайдан тәжіктер жанар жағармай өндірмек.

Тәжікстанда салынған жаңа МӨЗ шикізатты Қазақстаннан алады

Тәжікстанда салынған жаңа мұнай өңдеу зауыты шикізатты Қазақстаннан алатын болады, деп хабарлайды Atameken Business.
"Дангара" арнайы экономикалық аймағы басшысының орынбасары Сафарали Тайфуровтың сөзінше жаңа мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы жылына 500 мың тоннаға жетеді. Ол қыркүйек айында жұмысын бастамақ.
Өндіріс ошағы толық қуатына көшкенде жылына 1,2 млн тонна мұнай өңдейтін болады. Ал біздің елден экспортталған мұнайдан тәжіктер жанар жағармай өндірмек.
Әу баста Тәжікстан билігі мұнайды Ираннан алуды көздепті. Алайда Иранның Батыспен теке-тіресінен кейін тәуекелге бармауды ұйғарып, бас тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу