Тәжікстанның Дангара ауданында шетелдіктерге жасалған шабуылды "Ирак және Левант лаңкестік тобы" мойнына алды, деп хабарлайды 24.kz.
Дүйсенбі күні қаскөй жүргіншілерді көлікпен қағып, салдарынан АҚШ-тың екі азаматы мен бір нидерландтық және швейцарлық қаза тапты.Тағы 3 адам жарақат алған.
Ресми дерекке сүйенсек, қастандық жасаған – 21 жастағы Нурек Джафариддин есімді жігіт. Ол "Дэу Леганза" маркалы көлікпен бір топ шетелдікті қаққаннан кейін, осы көліктің ішінен шыққан бірнеше қаскөй жұртқа оқ жаудырған. Күдіктілер із суытып үлгергенімен, полицейлер оларды дереу тауып, екеуін жер жастандырды. Тағы біреуі қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.