Тәжікстанда тағы да жер сілкінді

152

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді.

Тәжікстанда тағы да жер сілкінді Фото: daryo.uz

14 сәуірге қараған түні Тәжікстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зілзала Рашт қаласынан 23 шақырым жерде UTC 0:44 (Қазақстан уақытымен 5:44) кезінде тіркелгені атап өтілді. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте орналасқан.

Айта кетейік, бір күн бұрын, 13 сәуірде Тәжікстанда 2 рет жер сілкінген. Жерасты дүмпулерінің ошақтары облыс орталығы Рашт қаласының маңында, ел астанасы Душанбеден шығысқа қарай 180 шақырым жерде орналасқан.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, күндіз жергілікті уақыт бойынша 09:24-те алғашқы жер сілкінісі тіркелген. Магнитудасы – 5,8. Оның көршілес Өзбекстан аумағына әсер еткені, Ташкентте 2 балдық күшпен жерасты дүмпулері сезілгені айтылды.

Екінші жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:14-те болды. EMSC мамандары жер сілкінісінің магнитудасын 4,2 деп бағалады. Жер сілкінісінің ошағы Рашт қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу