Тәжікстанда түрмеде болған бүліктен 30 шақты адам қаза тапты

1219

Билік бүлікті ДАИШ-қа қатысы барлардың жасағанын айтады.

Тәжікстанда түрмеде болған бүліктен 30 шақты адам қаза тапты

Тәжікстан түрмесіндегі жанжалдан отызға жуық тұтқын қаза тапты, деп хабарлайды Atameken Business.

Өткен түні Душанбеден 25 шақырым жерде жатқан Вахдат қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде сотталғандар бүлік шығарған еді. Тәжікстан әділет министрлігінің мәліметінше, пышақ пен өткір заттар ұстаған 30-ға тарта сотталған азамат түрменің үш күзетшісін кепілде ұстап, артынша оларды өлтіріп, өздерін босатуды талап еткен.

Билік бүлікті ДАИШ-қа қатысы бар деп сотталғандардың шығарғанын айтады. Осыдан кейін түзеу мекемесінің басшылығы қатаң шара қабылдап, абақтыны күшпен бақылауға мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу