Тәжікстанда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің оқу-жаттығулары басталды

872

Ол 18 және 23 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Тәжікстанда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің оқу-жаттығулары басталды

ҰҚШҰ-ға мүше елдер әскерлерінің оқу-жаттығуы Тәжікстанның оңтүстігінде басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Тәжікстан Қорғаныс министрлігі баспасөз орталығының басшысы полковник Фаридун Махмализоданың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Орталық әскери округ әскерінің қолбасшысы генерал-полковник Александр Лапин қазан айында Тәжікстан Республикасының аумағында, яғни Ауғанстан шекарасына жақын жерде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттерінің "Өзара іс-қимыл", "Іздеу" және "Эшелон" деп аталатын үш оқу-жаттығуы өтетінін мәлімдеген болатын.

"18 және 23 қазан аралығында Тәжікстан қарулы күштерінің "Момирак" және "Харбмайдон" полигондарында "Жауынгерлік бауырластық-2021" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы аясында "Эшелон-2021", "Іздеу-2021" арнайы оқу-жаттығулары және "Өзара іс-қимыл-2021" деп аталатын бірлескен оқу-жаттығуы өтеді", – деді ол. 

Тәжік-ауған шекарасына жақын жерде өтетін бұл шара Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілерінің қатысуымен жүргізіледі. Оның басты міндеттері – ҰҚШҰ әскерлерін басқару жүйесін жетілдіру, басқару органдары мен бөлімшелерінің үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу