Тәжікстанда ҰҚШҰ жаттығулары аяқталды

146

Оған жеке құрамның 1500 сарбазы қатысты. 

Тәжікстанда ҰҚШҰ жаттығулары аяқталды Фото: Optimism.kz

Тәжікстандағы "Харбмайдон" полигонында ҰҚШҰ-ның "Рубеж-2024" Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерімен бірлескен жаттығуларының белсенді кезеңі аяқталды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқу-жаттығуға Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресей мен Тәжікстанның әскери контингенттері, сондай-ақ ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының жедел топтары қатысты. Жеке құрамның 1500 адамы мен әскери және арнайы техниканың 250 бірлігі, оның ішінде ұшақтар, тікұшақтар және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.

Ресей, Үндістан, Иран, Қытай, Түркия, АҚШ әскери атташелері мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.

Оқу-жаттығулар барысында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағына басып кірген заңсыз қарулы жасақтарды жою бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және жүргізу машығы меңгерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу