ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 26 мамыр күні сағат 8:34-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 662 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 10.2. MPV магнитудасы – 4.4. Эпицентр координаттары – 37.81° с.е. 73.56° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу