Тәжікстандағы жер сілкінісінен үйлер мен нысандарға зақым келді

138

Сейсмикалық оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 09:24-те тіркелді.

Тәжікстандағы жер сілкінісінен үйлер мен нысандарға зақым келді Фото: Avesta.tj

Тәжікстанда 13 сәуір күні таңертең болған жер сілкінісінен тұрғын үйлер мен білім беру мекемелері зақымданған. Алдын ала мәлімет бойынша тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты Avesta.tj сайтына сілтеме жасап

Тәжікстанның Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Рашт қаласынан 21 шақырым жерде және Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде орналасқан. 

Эпицентрдегі жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 5-6 балл, ал Тәжікстан астанасында 3 баллға дейін дүмпу сезілген. 

Сейсмикалық белсенділік салдарынан Рашт аймағының төрт ауылында 17 тұрғын үй мен бір жалпы білім беретін мектеп зардап шекті. Тәжікабад ауданында тағы 12 тұрғын үйге зақым келген. 

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп, қирандылардың мән-жайын анықтап, шығынды бағалап жатыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу