Тәжікстанның тау бөктері мен таулы аймақтарында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты сел болуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК) және елдің азаматтық қорғанысы хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
Болжамдарға сәйкес Зеравшан, Обихингоу, Сурхоб, Ёхсу, Қызылсу (Оңтүстік) өзендерінде және Гиссар жотасының оңтүстік беткейлерінен ағып жатқан өзендерде су деңгейінің жоғарылауы болжанады.
Осыған байланысты ведомство су айдындарына барудан бас тартуды, таулы туристік маршруттарға шықпауды ұсынады.
Сонымен қатар, ТЖК тұрғындардан тау жолдарымен, асулар арқылы жүріп-тұру кезінде абай болуды, саңырауқұлақтар, емдік шөптер, отын жинаудан, сондай-ақ балық аулау мен аң аулаудан қауіп төнген уақытта бас тартуды сұрайды.
"Селдердің түсу салдарын болдырмау үшін халыққа селесбростарды, өзендерді, сайдарды, каналдарды және тұрғылықты жерлердің маңында немесе аумағында орналасқан басқа да су айдындарын тазарту жұмыстарын жүргізу қажет", — делінген ведомство хабарламасында.