Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі, осындай ақпарат таратты, деп жазды inbusiness.kz.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 24 адамның мәйіті Баткен облысының денсаулық сақтау ұйымдарына түсті", – деп хабарлады Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство дерегінше, қарулы қақтығыстан зардап шеккендер саны 103 адамға жеткен. Ал Тәжікстанның ресми органдары әзірге мұндай деректер жариялаған жоқ.
Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында ауқымды қақтығыс 16 қыркүйек күні таңертең басталды. Тараптар бір-біріне әскери техника қолданды деп айыптауда. Оның ішінде ауыр техниканы қолдану деректері бар. Кейін Қырғызстанның шекара қызметі екі ел басшылары атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бірақ бірнеше сағаттан кейін тараптар бұл режимді бұзды.