Тәжікстанмен жалпы сомасы 80 млн доллардан асатын 11 құжатқа қол қойылды

1050

Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді.

Тәжікстанмен жалпы сомасы 80 млн доллардан асатын 11 құжатқа қол қойылды Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Тәжікстанға ресми сапары аясында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды primeminister.kz.  

  1. $35 млн-ға Еуразиялық Даму Банкі, "Рохи Охани Точикистон" МУК және "ЭСК "KazakhExport" АҚ арасындағы  ынтымақтастық туралы келісімге;
  2. $20,7 млн-ға "Агромашхолдинг" АҚ, "Таджиксельхозлизинг" РМУК және "ЭСК "KazakhExport" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге; 
  3. $16 млн-ға "Дусти 2017" ЖШҚ және "ЭСК "KazakhExport" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге;
  4. $6 млн-ға "Азық-түлік келісім корпорациясы" ҰК" АҚ және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің арасындағы қазақстандық бидайды жеткізуге шекті келісімге; 
  5. $1,5 млн-ға "Hyindai Trans Avto Kazakhstan" және "Холдинг Азия Групп Таджикистан" ЖАҚ арасындағы эвакуаторлар, туристік автобустар жеткізуге келісімге;
  6. $1 млн-ға "PALLANT TRADE" ЖШС және "Таджеро" ЖШҚ дистрибьюторлық компаниясы арасындағы консервіленген өнімді жеткізу туралы келісімшартқа;
  7. $655-ға "СарыаркаАвтоПром" ЖШС мен "Холдинг Азия Групп Таджикистан" ЖАҚ арасындағы Jac маркалы 50 машинаны жеткізу туралы келісімшартқа; 
  8. "Азық-түлік келісім корпорациясы" ҰК" АҚ және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің арасындағы  ынтымақтастық туралы келісімге; 
  9. "Ситабр Агро" ЖШҚ және "Continental Agro Trade" ЖШС арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық  туралы меморандумға; 
  10. "Метал Инвест" ЖШҚ және "Continental Agro Trade" ЖШС арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық  туралы меморандумға; 
  11. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ және "Рохи охани Точикистон" МУК арасындағы келіссөздер хаттамасы. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу