Елімізде жиналған 30 дана көлік Тәжікстанға жөнелтіледі

720

Елімізде жиналған 30 дана көлік Тәжікстанға жөнелтіледі

"Аллюр" КТ" АҚ "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-ның қолдауымен Тәжікстанға автомобильдердің кезекті топтамасын жөнелтті, деп хабарлайды "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі.

Елімізде жиналған 30 дана JAC S3 қалалық кроссоверлері "KazakhExport" ЭСК" АҚ-ның қолдауымен қол қойылған, "Холдинг Азия Групп Таджикистан"ЖАҚ-мен келісімшарттың аясында Душанбе қаласының муниципалдық таксопаркін толықтыру үшін жіберіледі.

Мәмілені "KazakhExport" ЭСК" ұлттық компаниясы "Альфа – Банк" ЕБ АҚ-мен бірлесе отырып, 300 мың АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық сауданы қаржыландыру схемасы бойынша іске асырады.

Экспорттық сауданы қаржыландыру қазақстандық автошығарушыға автомобильдерді экспорттауға және тиеп-жөнелтуден кейін дереу төлемін алуға,  ал тәжікстандық сатып алушыға арзан және ұзақ мерзімді қаржыландыру түріндегі төлем мұрсатын алуға мүміндік береді.

Жалпы құны $10,5 млн тұратын 1000 дана JAC автомобильдерін жеткізу жөніндегі келісімшартты "Аллюр" КТ" АҚ мен тәжік көлік холдингі 2017 жылдың көктемінде жасасты. Тәжік тарапының өкілдері ол кезде қостанайлық кроссоверлердің жоғары өтімділігін және қолжетімді бағасын атап өткен еді.

Өз кезегінде "Аллюр" КТ" АҚ-ы "Холдинг Азия Групп Таджикистан" компаниясымен мәміле Қазақстанның автомобиль саласының экспорттық әлеуетін елеулі ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгінгі күні Душанбенің таксомотор паркі "KazakhExport" ұлттық компаниясының қолдауымен 105 жаңа кроссоверлермен толықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу