Тәжікстанның жергілікті авиакомпанияларының барлық әуежайлары қалалар мен аудандардың меншігінен Қорғаныс Министрлігінің балансына берілді, деп жазады inbusiness.kz.
Жаңа қаулыға сәйкес, Тәжікстанның қорғаныс министрлігі жергілікті авиакомпаниялардың 18 әуежайын — Хатлон облысында 4 әуе айлағын, республикалық бағыныстағы аудандарда 4, Соғды облысында 5 және Таулы-Бадахшан автономиялық облысында 5 әуе айлағын өз қарамағына алады.
Тәжікстан Қорғаныс министрлігі өз қарамағына алған әуежайларды қалпына келтіріп, тұрақты дайындығын қамтамасыз етуі керек.
Қазіргі уақытта рейстер республиканың төрт халықаралық әуе айлағынан — Душанбе, Худжанд, Бохтар мен Кулябтан ғана жүзеге асырылады.