Тәжікстанның қамау орындарында 8 қазақстандық жазасын өтеп жатыр

765

Тәжікстанның қамау орындарында 8 қазақстандық жазасын өтеп жатыр

Бүгін ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың Қырғызстанның бас прокуроры Откурбек Джамшитовпен, Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмонмен екі жақты кездесуі болып өтті, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Әріптестер ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудың және шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің аспектілерін талқылады.

Қадағалау ведомстволарының басшылары арасында трансұлттық қылмысқа, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалды.

Соңғы екі жыл ішінде іздеу салынған 11 адам Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды, қырғыздар тарапынан 17 азамат берілді. Осы кезең ішінде Қазақстан Қырғызстанға олардың сотталған 19 азаматын, ал біздің елімізге 3 қазақстандық берілді.

Ал биыл Қазақстаннан Тәжікстанға 5 адам экстрадицияланды.

Еліміздің түзеу мекемелерінде 75 тәжік азаматы, Тәжікстанның қамау орындарында 8 қазақстандық жазасын өтеп жатыр.

Террористік ұйымдармен және оларды қаржыландырумен күрес саласындағы ынтымақтастық аспектілері жеке талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу