Тәжіктерге бойкот: Ресейде жолаушылар таксиден жаппай бас тартуда

13081

Клиенттер мен жүргізушілердің диалогы әлеуметтік желіде тарады.  

Тәжіктерге бойкот: Ресейде жолаушылар таксиден жаппай бас тартуда Фото: freepik

Ресей халқы такси жүргізетін тәжік ұлтының өкілдеріне бойкот жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

"Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт, немесе полиция шақырамын", – деп жазған клиенттердің бірі. 

Ал жазылушылардың бірі "Крокустағы" қырғынды ұйымдастырғандардың да мақсаты осы екенін айтты. Сөзінше, бұл жағдайдан кейін ұлтаралық қарым-қатынас ушығып кеткен. 

Еске салайық, бұған дейін Мәскеудегі “Крокус сити холлдағы” терракт салдарынан 152 адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. Қанды қырғын 22 наурызда болған еді. Лаңкестер ғимаратта 18 минут болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу