Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Қазақтың ит тұқымдары күні – үшінші қыркүйек болады", – делінген құжатта.
Экология министрлігі бұл мерекенің құрылуы қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын, тарихы мен дәстүрлерін дәріптеудегі маңызды қадам болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, тақырыптық іс-шараларды өткізу Қазақстанның этнографиясы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын туристердің назарын аударуы мүмкін.
Мереке аясында қазақтың ит тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен күтімі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған дәрістер, семинарлар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
Экология министрлігі бұл селекционерлерге, кинологиялық ұйымдарға және тұқым әуесқойларына тәжірибе алмасу, көрмелер мен басқа да іс-шараларға қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын айтты.