Тазы мен төбетті сақтау мен көбейтуге мүмкіндік беретін заң күшіне енді

1090

Елімізде қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады.

Тазы мен төбетті сақтау мен көбейтуге мүмкіндік беретін заң күшіне енді Фото: Qansonar.com

2023 жылғы 3 қаңтарда қабылданған "Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Экоминге сілтеме жасап.

Заңда қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленген.

"Қазақстанда Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады. Ұлттық орталыққа стандартқа неғұрлым сай, оның ішінде сыртқы-конституциялық сипаттамалары, өзге де қасиеттері сәйкес келетін тазы мен төбет іріктеп алынады, олардан кейіннен таза тұқымды иттер шығарылады. Аталмыш орталықтың жұмысына ғалымдар мен білікті кинологтар шақырылады", – делінген Экология министрлігінің хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу