Тбилисиде полиция наразылық акциясына қатысушыларды ұстай бастады

679

Грузия Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Тбилисидегі парламент ғимараты маңында "шетелдік агенттер" туралы заң жобасына наразылық акциясын таратып, оларға қатысқандарды ұстауға кірісті.

Тбилисиде полиция наразылық акциясына қатысушыларды ұстай бастады Фото: Интернет желісінен

Бұл туралы inbusiness.kz сайты ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ереуілге қатысқандарды ұстау кадрларын сәрсенбі күні грузиндік Mtavari Arxi телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Ереуілшілерді ұстау негізінен республика парламентінің ғимараты орналасқан Руставели даңғылында өтеді. Кейбір наразылық білдірушілер полицейлерден ұсталған адамдарды арашалап алмақ. Алайда олардың бұл әрекеті сәтсіз болды.

Бұған дейін "Гирчи" оппозициялық партиясының көшбасшысы Зураб Джапаридзені ұстау кадрлары таралған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу