Тбилисиде Ресеймен әуе қатынасына қарсы митинг өтті

501

Грузия азаматтары дүйсенбі күні кешке Тбилисидегі Парламенттің жанында кішігірім наразылық акциясын өткізіп, билікті Ресеймен әуе қатынасынан және визасыз режимнен бас тартуға шақырды, деп хабарлады inbusiness.kz "Формула" телекомпаниясына сілтеме жасап. 

Тбилисиде Ресеймен әуе қатынасына қарсы митинг өтті Фото: РИА новости

"Біздің территориямыздың 20%-ы басып алынғанын, Украинада соғыс болып жатқанда біздің Ресейден сыйлықтар алуға құқығымыз жоқ. Әуе қатынасын бастау мен визасыз режимді қабылдау біздің беделімізге нұқсан келтіреді", - деді акцияға қатысушылардың бірі журналистерге.

Қатысушылар ел басшылығын "орыс әлемінен түбегейлі бас тартуға" шақырды. Сонымен қатар, митингіге қатысушылардың талаптарының бірі ресейліктердің Грузияға кіруіне шектеулер енгізу болды. Жиналған қауым саны аз болғандықтан, Парламентке іргелес Руставели даңғылы жабылмады, митингке оппозициялық партиялардың өкілдері қатыспады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу