Грузия астанасында құтқарушылар бригадасы Тбилиси әкімдігімен бірлесіп, қала көшесін кезген аюды іздеп жатыр.
"Аю табылмайынша немесе ол туралы ақпараттың жалған екендігі расталмайынша, біз оны іздестіре беретін боламыз", - деп мәлімдеді әкімдік.
Жалпы қала билігін шала бүліндірген әйел адам болып шықты. Ол қала орталығындағы үйінің алдынан аюды көргенін айтып хабарлаған. Сондай-ақ ол маймақты өзге қандай да бір жануармен шатастыруы мүмкін еместігін айтып отыр, деп хабарлайды RT.
24.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу