Тблиси енді Батыстың деструктивті әсеріне қарсы

550

Тбилисиде шетелдік агенттер туралы заңға қарсы наразы топты сынға алған "Консервативті қозғалыс" партиясы мен Alt-Info қозғалысының жақтаушылары көшеге шықты.  

Тблиси енді Батыстың деструктивті әсеріне қарсы Фото: eadaily.com

Акцияға қатысушылар Грузияға әсер ететін шетелдік ықпалға қарсы және елдегі отбасылық құндылықтар мен тұрақтылықты сақтауды мақсат етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазірдің өзінде акцияға қатысушылардың саны "бірнеше мыңнан асқан".

"Батыс - біздің үйіміз емес, біздің таңдауымыз емес. Біздің таңдауымыз - Грузия, біздің өткеніміз, бүгініміз және Грузиядағы болашағымыз", - деді "Консервативті қозғалыс" жетекшілерінің бірі Шота Мартыненко.

Бүгінгі акцияға қатысушылар Тбилисидегі 7 және 8 наурызда ереуілге шыққандардың құндылықтарына қарсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу