Теһранның сауда орталығындағы өртпен арпалысқан 30 өрт сөндіруші қаза болды

721

Теһранның сауда орталығындағы өртпен арпалысқан 30 өрт сөндіруші қаза болды

Иран астанасындағы алапат өрттің салдарынан қираған "Пласко" сауда орталығында кемінде 30 өрт сөндіруші көз жұмды, деп хабарлайды бейсенбі күні  Иранның Пресс-ТВ телеарнасы.
Қаладағы  ірі әрі көне сауда орталығы бейсенбі күні құлап түсті. Ақпарат құралдарының хабарлауынша,  Теһранның орталығындағы  17-қабатты үйде өрт таңертең тұтанып, өрт сөндірушілердің жанкештілігіне қарамастан көзді ашып-жұмғанша ғимаратқа  тұтастай тарап үлгерген. Салдарынан алдымен орталықтың солтүстік қабырғасы, содан соң тұтастай ғимарат құлаған.

Ресми тұлғаларға сілтеме жасаған телеарнаның хабарлауынша, қирандылардың астында 50-ден  100-ге дейін адам қалуы мүмкін.  Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше сағат арпалысқан.  Полиция орталыққа онда орын тепкен дүкендердің қожайындарын жақындатпады. Көрші ғимараттардан, оның ішінде Түркия мен Ұлыбританияның елшіліктерінен адамдар қауіпсіз орынға көшірілді.
Қала билігі терактіні жоққа шығарды.
Ғимараттың іргетасы 1962 жылы қаланған. Ол пластмасса өндіретін компанияның атымен аталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу