Театр және кино актері Сағат Жылгелдиев өмірден озды

874

Бұл туралы Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Театр және кино актері Сағат Жылгелдиев өмірден озды

"Театрымыздың актері, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті. Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды", – деп жазылған хабарда.

Сағат Ермағамбетұлы Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын (1972), Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін (1977) бітірген. 1977 жылдан Қазақ балалар мен жастар театры сахнасында өнер көрсетеді. Ол ойнаған Ақын (И.Сапарбаевтың “Ауылдан келген аруында”), Байжан (И.Ғайыптың “Алтын ажалында”), Абдолла (С.Балғабаевтың “Ең әдемі келіншегінде”), Қожа Ахмет Иасауи (О.Дастановтың “Әзірет Сұлтанында”), Шеге, Байдалы би, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, “Ұлпан”, “Ақан сері – Ақтоқтысында”) т.б. рөлдері мамандар тарапынан жақсы баға алған.
• 1977-1997 жылдары Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрында актер.
• 1997 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
• 1995 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді.
• 2007 жылы "Ерен еңбегі үшін медалі"
• 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 20 жыл" медалі;
• 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалі;
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу