Тедрос Гербейесустың Казақстанға жоспарланған сапарының ықтимал мерзімдері талқыланды

916

Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гербейесуспен кездесті, деп хабарлайды  inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Тедрос Гербейесустың Казақстанға жоспарланған сапарының ықтимал мерзімдері талқыланды

Әңгімелесушілер Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы ынтымақтастықтың ахуалы бойынша пікір алмасты. Е. Әлімбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 29 қарашадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысуының және оның Т. Гербейесуспен екіжақты кездесуі бойынша уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысына тоқталды. Осы ретте Бас директордың Қазақстанға жоспарланған сапарының ықтимал мерзімдері талқыланды.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат Т. Гербейесуске еліміздің халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға және әлемдік қауымдастықтың коронавирусқа қарсы күресіне қосқан үлесі үшін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медальді табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу