Тегеран лайықты жауап қайтарады

897

Тегеран лайықты жауап қайтарады

Иран АҚШ енгізген жаңа санкцияларға жауап ретінде  заңдық шектеулер орнатады, деп хабарлады Reuters.

Агенттіктің жазуынша, шектеулер аймақтық террористік топтарға көмек көрсететін америкалық жеке тұлғалар мен ұйымдарға қатысты болады.

" Жаңа санкциялар Иран мен "алтылық" арасындағы ядролық келісімді растайтын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарына және АҚШ міндеттемелеріне қайшы келеді", - деді Иран сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, Тегеран Иранның мемлекеттік мүдделеріне бағытталған АҚШ-тың кез келген әрекетіне лайықты жауап қайтаратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу