Тегеранда 180 жолаушысы бар украиналық лайнер апатқа ұшырады. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады.
Апат Тегеран жанындағы Паранд елдімекенінде Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайда орын алған. Boeing 737 деп аталатын лайнер бортында 180 жолаушы болған.
Ресми дерекке сүйенсек, техникалық ақаулардың кесірінен әуе кемесі жерден көкке көтерілгеннен соң жерге құлаған. Әзірге апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады. Белгілісі: ұшақ Тегераннан Киевке рейс жасамақшы болған және оның ұшу уақыты бір сағатқа шегерілген, деп хабарлайды Al Jazeera агенттігі.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу