Тегеранда Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалып, бір адам қаза тапты

476

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі осы жұмада Ирандағы Республика елшілігіне жасалған шабуылына қатысты мәлімдеме жасады. 

Тегеранда Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалып, бір адам қаза тапты Фото: cdnuploads.aa.com.tr

2023 жылдың 27 қаңтарында Баку уақыты бойынша сағат 08.30 шамасында (Астана уақытымен 10.30) Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шабуылдаушы күзет бекетіне Калашников автоматынан оқ жаудырған, қауіпсіздік қызметінің бастығы өлтірілді. Елшіліктің екі күзетшісі де жараланды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Жұртшылыққа қосымша ақпарат беріледі", - делінген сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде.

Шабуыл жасаған азамат ұсталды. Кейінгі кездері сарапшылар Әзербайжан-Иран қатынастары одан әрі шиеленісе түскенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу